Референдум – үлкен өзгерістердің басы – Мынатаубиік Әнесов

18 Мамыр 2022, 15:20
2667
Бөлісу:
Референдум –  үлкен өзгерістердің басы – Мынатаубиік Әнесов
PHOTO
Фото: автордан

Батыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласында қоршаған ортаны қорғауға қатысты мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері 5 маусым күні жалпыхалықтық референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады. 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, БҚО балық инспекциясы, Экология департаменті, «Қазгидромет» РМК БҚО филиалы, «Біздің Жайық-Наш Урал» қоғамдық ұйымы, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары жиынға қатысып, ойларын білдірді.

Референдум жайлы барлық БАҚ ақпарат таратуда. Халықтың қызығушылығы жоғары. Түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Штабтар құрылды. Депутаттар елді аралап маңыздылығын жұртшылыққа жеткізуде. Елімізде сайлаушылардың саны 11 миллионнан астам. Сайлаушылар референдумға ертерек дайындалып, өз учаскелерін анықтап қоюы керек. Олардың 50 пайызы қатыспаса, референдумды өткізуге бөлінген қыруар қаржы желге ұшқанмен бірдей. 

Референдум –  үлкен өзгерістердің басы – Мынатаубиік Әнесов

Референдум – халықпен ақылдасып шешу. Халық пен биліктің байланысы. Ел референдум өзіне не беретінін түсінуі тиіс. Парламенттің рөлін арттыру арқылы халық билікке араласады. Билікте бір партия өкілі отыр. Парламентте «Ауыл» партиясынан бір депутат жоқ. Біртіндеп осындай өзгерістер арқылы жаңа партиялар келеді. Заңдар өзгереді. Сайлау, тіл, жер мәселесіне қатысты заңдарға өзгеріс керек. Референдум – сол үлкен өзгерістердің басы. Халыққа берілген мүмкіндік. 1995 жылдан бері Ата заң 4 рет өзгерген. Оған халық қатысты ма? Қарсы пікір айтқанның бәрін оппозиция санау үрдіске айналды. Адамның пікірі сан алуан болмай ма? - деді «Ауыл» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов.

Референдум –  үлкен өзгерістердің басы – Мынатаубиік Әнесов

Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияның 6-бабындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деген тұсы енді «мемлекет меншігінде» емес, «халыққа тиесілі, халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп редакцияланбақ. Елбасы және Тұңғыш Президент мәртебесі жаңа редакцияда толық алынып тасталмақ. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін бұрынғыша мәслихат депуттаттарының келісімімен Президент тағайындайды. Өзгеретін тұсы Президент дауыс беруге кемінде екі кандидатура ұсынады. Мәслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат тағайындалады. 

Өзгелердің жаңалығы