Референдум туралы заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады – Нұртөре Жүсіп

30 Мамыр 2022, 14:00
2465
Бөлісу:
Референдум туралы заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады – Нұртөре Жүсіп
Фото: parlam.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл туралы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осы бланкіні санайды содан кейін канша процент қазақша сөйледі қанша процент орысша сөйлейді соны шығарады группаларға жіберіңіздер, - деген хабарлама келіп жатыр.

Бұл түбірімен дұрыс емес.

Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз, - деп жазды ол.

Референдум туралы заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады – Нұртөре Жүсіп
Өзгелердің жаңалығы