Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы республикалық қоғамдық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев референдумды қолдау штабы мүшелерінің телекөпірі барысында айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық штаб құрдық. Бұл қоғамдық штаб Қазақстан мәслихат депутаттарының ұсынысымен құрылған болатын. Республикалық штаб құрамына 25 ұйым кіреді. Олардың өкілдері республиканың барлық аймағында бар, - деді ол.
Мұқашевтың айтуынша, оның ішінде ҚАА, ардагерлер ұйымы, іскер әйелдер қауымдастығы, волонтерлар лигасы бар.
Штаб құрамына республикалық ірі 8 қауымдастық кіреді. Республикалық штабқа «Ақжол» партиясы мен Қазақстанның халық партиясы, «Ауыл» партиясы қосылды. Біз жұмысты 5 мамырда бастадық. 6 мамырда баспасөз конференциясын өткізіп, мереке күндері түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір барлық құрылымда жұмыс істейтін материалдар бар. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне референдум үлес қосады деп ойлаймын,- деді Мұқашев.