Референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады

Дауыс беру 15 наурыз күні таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:20-ға дейін өтеді.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 18:38
Бүгiн 2026, 18:38
203
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Конституция жобасына қатысты республикалық референдумның қорытындысы 21 наурызға дейін ресми түрде жарияланады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлідеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, егер дауыс беру ыңғайлылығы мақсатында аумақтық референдум комиссиялары өзгеше шешім қабылдамаса, дауыс беру 15 наурыз күні таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:20-ға дейін өтеді.

Орталық референдум комиссиясы референдумның қорытындылары туралы ресми хабарламаны дауыс берген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей, яғни 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс, – деді Мұхтар Ерман.

Отырыс барысында комиссия мүшелері 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

Өз кезегінде Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров күнтізбелік жоспар референдумды өткізу кезеңдерін және олармен байланысты рәсімдерді айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті.

Күнтізбелік жоспарда көрсетілген барлық іс-шара белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл – міндет, – деді комиссия төрағасы.

Наверх