Референдум. Насихаттау жұмыстары қалай жүргізіледі?

12 Мамыр 2022, 17:18
2459
Бөлісу:
Референдум. Насихаттау жұмыстары қалай жүргізіледі?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы ақпараттық талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Тәжиева мәлімдеді. 

Бүгін Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, қоғамдық бірлестік өкілдеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды. Іс-шара 5 маусымда өтетін республикалық референдум, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арналды. Сонымен қатар респубоикалық референдумға дайындық пен оны өткізу, қаржыландыру, үшіт, электораттық оқытуды ұйымдастыру процесінің ерекшеліктері, референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Оған 130-дан астам адам қатысуда, - деп атап өтті спикер. 

Сондай-ақ ол референдумның насихаттау жұмыстары қалай жүргізілу керектігіне тоқталды.

Насихаттаудың ерекшелігі – электораттық науқан кезінде ол референдум жарлығы шыққан соң басталады. Үгітті кез келген ел азаматтары мен қоғамдық бірлестіктер заңнамаға сәйкес жүргізе алады. Насихат жұмыстарын референдумнан бір күн бұрын – «тыныштық күні» және сол референдум өтетін күні жүргізуге тыйым салынады. Осы орайда үгіт ұлтаралық араздықты қоздырмауы, зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер жасауға шақырмауы тиіс, - деді бөлім басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы