Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 5 маусымда Қазақстанда конституциялық түзетулер бойынша референдум өтіп жатыр, оған 11 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады.
Сайлау науқанының динамикасы көрсеткендей, ел азаматтары дауыс беру мәселесіне жауапкершілікпен қарайды. Бұл олардың ел болашағының бағытын таңдаудағы көзқарастары бірдей екендігін көрсетеді.
Дауыс беру процесінің дайындығы барлық кезеңдерде сапалы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Мысалы, күні және учаскесі сияқты басқа да мәліметтер түрлі тәсілдермен сайлаушыларға жеткізілді. Ақпарат таратудың дәстүрлі арналары – теледидар, радио және т.б., бастап, хабарлама тарату және дауыс беру учаскесін анықтау бойынша Telegram-бот құру қолға алынды.
Сондай-ақ референдумда дауыс беру барысын бақылау да ұйымдастырылды. Мысалы, еліміздің сайлау учаскелерінде 300-ге жуық халықаралық бақылаушылар жұмыс істейді. Қазақстандық бақылаушылар да дауыс беру барысының заңнамаға сәйкестігін мониторингтеуге қатысады, - дейді Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева.
Жалпы, референдумдағы дауыс беру үдерісі мен әдеттегі сайлауға қатысудан еш айырмашылығы жоқ. Бүгін де сайлаушылар өздерінің сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады.
Азаматтардың референдумға белсенді қатысуы бүкілхалықтық топтасу және саяси институттар мен азаматтық қоғамды нығайтуға негізделген жаңа саяси болмысты қалыптастыратынын түсіну қажет, - деді ол.