Референдум. БАҚ-қа арналған ақпараттық хабарлама

3 Маусым 2022, 12:19
1906
Бөлісу:
Референдум. БАҚ-қа арналған ақпараттық хабарлама

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 5 маусымы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдум қарсаңындағы күн мен референдум өтетін күні кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынатынын еске салады.

Осылайша, 2022 жылғы 4 және 5 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернетте референдум бойынша үгіт жүргізуге тыйым салынады.

«Үгіт» ұғымының мәнін және мазмұнын негізге ала отырып, референдумға шығарылған сұраққа  сайлаушыларды «келісемін» немесе «қарсымын» деп дауыс беруге түрткі болатын материалдар үгіт материалдары ретінде  қарастырылатын болады.

Бұл ретте,  аталған бұзушылыққа жол берген жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, соның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Интернет-ресурстарда бұрын жарияланған үгіт материалдар бастапқы орындарында сақталуына жол беріледі, оларды сайттың басты бетінде шығаруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, референдумды өткізу күні, шарттары, дауыс беру тәртібі, оның ішінде жарнамалық баннерлер, референдумға дейінгі күндерді кері санау және т.б. туралы түсіндірме сипаттағы бұрын жарияланған ақпараттық материалдар интернет-ресурстар мен телеарналарда олардың бастапқы орындарында сақталуына жол беріледі.

Өзгелердің жаңалығы