«Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» дөңгелек үстелі өтті

27 Мамыр 2022, 16:50
1545
Бөлісу:
«Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» дөңгелек үстелі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы «Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Кездесуді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаев құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараға аграрлық ғылым өкілдері: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС, «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС, «АӨК және ААД экономикасы ҚазҒЗИ» ЖШС, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, «У.Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және басқа да ғылыми мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Әли Әбдікәрімұлы өз сөзінде ауыл шаруашылығы бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін экономиканың өмірлік маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті. 

Еліміздің аграрлық секторы бүгінде 5000-нан астам адам еңбек ететін 38 ғылыми, ғылыми-өндірістік, сервистік және білім беру ұйымдарын құрайды. Бұл – ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын адамдардың үлкен кластері. Ғылыми интеллигенция әрқашан инновациялық идеялардың қозғаушы күші болып келеді. Ғалымдардың елде болып жатқан оқиғаларға ерекше призма арқылы қарайтыны құпия емес. Сондықтан ел үшін осындай елеулі оқиғаны өткізуде жетекші ғалым-аграршылардың қолдауы аса маңызды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттің негізгі заңына түзетулер енгізу туралы шешімінің дер кезінде қолға алынғанын және өзектілігін атап өткіміз келеді, - деді Әли Әбдікәрімұлы.

Сондай-ақ, Әли Бектаев қатысушыларға елдің негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, фермерлер үшін референдумға да, мемлекет өміріне де белсенді қатысудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде, ғылыми зиялы қауым өкілдері референдум өткізуді, сондай-ақ ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу қажеттігін бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, олар аграрлық ғылымның қазіргі кездегі қиыншылықтары туралы айтып, ғылымды дамытуға бөлінетін қаражаттың жетіспеуіне тоқталды.

Құрылған сәтінен бастап «Ауыл» партиясын әр азамат үшін күн сайынғы және өзекті мәселе: тұрақты табыс, сапалы медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құқықтар мен бостандықтарды қорғау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жәйі үнемі алаңдатады. Сондықтан, өз қатарына ел болашағы үшін шынайы қуана білетін адамдарды біріктірген, Қазақстан Республикасы азаматтарының алдындағы жауапкершілікті жан-дүниесімен сезіне отырып, Мемлекет басшысының саяси бағыты мен референдум өткізу бастамасын толық қолдайтын партия болып саналамыз, - деді  Ұлттық академияның академигі, профессор, Ауыл» партиясының мүшесі Сейтқазы Кешуов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Конституциясына енгізу жоспарланған барлық толықтырулар мен түзетулерді оң қабылдады. 

Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам, – деп түйіндеді сөзін Әли Бектаев .

Өзгелердің жаңалығы