Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІХ съезі өтті.
Съезд жұмысына республиканың барлық 17 өңірінен делегаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен шақырылған қонақтар онлайн режимде және съезд жұмысының құрметті қонақтары Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының басшысы Төлеубек Мұқашев және Мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев қатысты.
Б.Ізмұхамбетов 19 мамыр күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын өте жылы қабылдау болғанын айтып, Президентке ардагерлердің жұмысы туралы және Референдум бойынша екі бағытта жұмыс жасап жатқанын, бірінші Конституцияға өзгеріс енгізудің маңыздылығы туралы, екінші ардагерлер тұрғындарға референдумның мәнін түсіндіріп қатысуға белсенділік көрсетуга шақырып жұмыс жасалып жатқаны туралы айтты.
Президент өз тарапынан қоғамдық жұмыстарды ел ардагерлерінің белсенділік күтетінін жеткізді. Ел ардагерлері еліміздің тұрақтылығы, тыныштығы үшін, мемлекет басшысының бастамасына әрқашан қолдау көрсететінін референдумды қолдау үшін республикалық штаб құрылғанын атап өтті.
Бұдан басқа, Орталық кеңесте барлық 17 өңірдегі филиалдар төрағаларының ұйымдастыруымен референдумды қоғамдық қолдау штабтары құрылып, жұмыс істеп жатыр деді. Олардың қатарына жергілікті өңірге танымал, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елге сыйлы ардагерлер жұмылдырылды. Штаб құрамындағы ардагерлер конституциялық реформалардың негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндірумен айналысады. Бұл жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр, - делінген үндеуде.
Сонымен қатар Орталық кеңесте штаб жұмысын ұйымдастыруға қолайлы болу үшін әзірленген нұсқаулық пен іс-шаралар жоспары, онда штаб мүшелері атқаратын жұмыстар нақты бекітілген.
Сөзінің соңында Б.Ізмұхамбетов ардагерлеріміз Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіруде белсенділік көрсетуге шақырды.
Жабал Ерғалиев өз сөзінде билік басына келген екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату идеясын ортаға тастағанын, сан алуан пікірлер тоғысып жатқан алаңға орынды бастамамен шыққанын айтты. Ардагерлердің кезектен тыс IX съезінде республика Конституциясына ұсынылған түзетулерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасына орай, референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығы айтылды.
Қорытындылай келе ел ардагерлері Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өз пікірін айтуға құқылы екенін айтып, Қазақстан халқын бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырып үндеуін жариялады.