Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың

5 Маусым 2022, 17:12
1334
Бөлісу:
Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңертеңнен бастап елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындарының белсенділігі жоғары екені байқалады. 

Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру және референдумда дауыс беру үшін кезекке тұрды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдау немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан барлық учаскелерде сайлаушылардың көптігі байқалады.

Астананың тұрғыны Мәдина Сұлтанбекова №13 референдум учаскесіне немересімен келіпті.

Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың

Алты Алаштың басын қосып, елімнің еңселі ел болуына зор сеніммен қарап немеремді ертіп, дауыс беруге келдім. Әрине бір күнде өзгеріс бола қоймасы анық, болашақтың еншісінде. Қадамы құтты болсын деп ырымдап немеремді алып келдім, - дейді елорда тұрғыны, ардегер ұстаз Мәдина Сұлтанбекова.

Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың

Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап 348 учаске жұмыс істейді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың
Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың
Өзгелердің жаңалығы