Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Реал" шабуылшысы Мбаппе жарақат алды

5 Қазан 2025, 17:07
367
Бөлісу:
 sportbox.ru
Фото: sportbox.ru

Мадридтік "Реал" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының сегізінші турындағы "Вильярреалға" (3:1) қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы футболшының тобық жарақаты анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы алаңдауға себеп болатындай ауыр емес, ойыншының хал-жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Клубтың медициналық штабының мәліметінше, Мбаппе жақын күндері Франция құрамасына қосылып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға қатыса алады.

Француздар екі кездесу өткізеді:

  • 10 қазан – Әзербайжанға қарсы,
  • 13 қазан – Исландияға қарсы.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе биылғы маусымды өте жоғары деңгейде бастап, "Реал" сапында 10 матчта 14 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Өзгелердің жаңалығы