Мадридтің "Реал Мадрид" клубы 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін "Қайратқа" қарсы ойында алаңға шығатын негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрам ресми түрде клубтың Instagram-парақшасында жарияланды. Корольдік клуб матчқа небәрі 22 футболшыны мәлімдеген, олардың ішінде 6 қорғаушы бар.
Алайда «Реалдың» негізгі оң қапталдағы қорғаушысы әрі команда капитаны, ең көп титул иегері Дани Карвахаль «Қайратқа» қарсы ойын алдында жарақат алып қалды. Сонымен қатар тізімде Трент Александер-Арнольд, Эдер Милитао және Антонио Рюдигер де жоқ.
.jpeg)
Айта кетейік, 28 қыркүйекте мадридтік клуб «Қайратқа» қарсы матч қарсаңында әуежайдан түсірілген кадрларды да жариялады.