Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Мұғалімдер күні. Мерекеге орай Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мұғалімдерге өзінің жылы лебізін білдірді.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді қазанның бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өскелең ұрпақтың санасына сәуле түсіріп, оларды жеке тұлға, ел үшін қызмет етер азамат ретінде қалыптастыратын, тұғыры мықты тума таланттарды шыңдайтын болмысы биік, беделі аласармайтын жансыздар, - деді министр.
Райымқұлова өз құттықтауында мұғалімдерге ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысына айналып, ұлтқа, адамзат пен болашаққа қызмет етіп келе жатқандары үшін алғыс айтты.
Лайым ізгіліктен ғана тұратын кәсіптің нәсібі мол болып, шәкірттеріңіздің аңсаған мұрат-мақсаттарына қол жеткізуіне, армандарының орындалуына сүбелі үлес қоса берулеріңізге тілектеспін. Алдағы уақытта да әділдік, шыншылдық, білімдарлық, мейірбандық сынды асыл қасиеттер бойларыңызда бір-бірімен шебер үйлесім таба берсін. Білім шаңырағында өткізген әр сағаттарыңыз қызықты сабақтарға, тың бастамаларға толы болсын, - деді Мәдениет министрі.
Ол ұлағатты ұстаздарға мықты денсаулық, қызметте толайым табыс, отбасыларына амандық пен ортаймас несібе-дəулет тіледі.