Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді

4 Шілде 2024, 08:44
346
Бөлісу:
Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді
Фото: gov.kz

Елорда әуежайына шейх Сауд ибн Сакр әл-Касимидің ұшағы қонды. Әмірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді
Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді

Өткен жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы диалог бойынша серіктес мәртебесін алды. Бұл мемлекетке ШЫҰ жұмысына белсенді қатысуға және бірлестіктің басқа мүшелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы