Рақымшылық аясында айыппұлдар кешірілуі мүмкін – Сәденов

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов рақымшылық туралы заңды іске асыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 13:49
Бүгiн 2026, 13:49
149
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов рақымшылық туралы заңды іске асыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, рақымшылық туралы заң қабылданғаннан кейін оны іске асыруға қатысамыз. Ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылады деп болжанып отыр, — дейді министр.

Ержан Сәденовтің дерегінше, олардың қатарына қауіпті, оның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипатындағы, азаптау қылмыстарын жасаған адамдар, сонымен қатар рецидивистер мен іздеуде жүргендер жатпайды.

Бұдан басқа әкімшілік-рақымшылық аясында жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарау жоспарланып отыр. Мұндай санаттағы адамдардың саны, айыппұлдардың мөлшері мен есептен шығару тәртібі заң жобасын әзірлеу барысында уәкілетті органдармен толық пысықталады, — деді ол.

Наверх