«Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жастар саясаты саласында 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды.
Мереке аясында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі, көліктер шеруі өтті. Кей өңірлердегі белсенділер «Taxi Show» зияткерлік акциясын бастады.
Әлеуметтік желілерде Қазақстан студенттер Альянсы ұйымдастырған «Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 мың адам қатысты.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, Жастар ресурстық орталықтары 10 мыңнан астам жалауша таратты.