Қазақстан құрамасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір медальға қол жеткізді. Спортшы Рамазан Құсайынов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан 94 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін жетті. Алайда соңғы кездесуде Сауд Арабиясының спортшысы Омар Нададан жеңіліп қалды.
Еске салсақ, турнирде бұған дейін алтын медальдарды Мариан Журавлёва мен Алдияр Серік жеңіп алған болатын.
7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы таныстырған.
Сауд Арабиясы бұл спорттық форумды алтыншы рет қабылдауда.
Бұған дейін ойындар Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Конья (2021) қалаларында өткен.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтыншы орынға тұрақтап, қоржынында 13 алтын, 16 күміс және 17 қола медаль бар.