Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр құяды

20 Мамыр 2020, 15:51
2156
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр құяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Петропавл қаласында 21 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады күші 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 21 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Ақмола облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 21 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қаласында 21 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

21 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Павлодар облысында кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршак болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар қаласында күндіз 21 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні   15-20 м/с жетеді. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-100%.   

Өзгелердің жаңалығы