Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті.
Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.