Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев "Royal EXPO apartments" тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті.
Бұл кешенде 350-ден астам үлескерлер бар. Қала басшысы орынбасарының айтуынша, бұл тұрғын қүй кешенін "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы инвесторлар мен "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС салады.
Жер учаскесіне және аяқталмаған құрылыс объектісіне құжаттарды алғаннан кейін инвестор өз есебінен қаржы-техникалық аудит және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді. Жобаны аяқтап, сараптамадан өткізген соң нысанның құрылысын жандандырамыз, - деді А. Қайсағалиев.
Сонымен қатар "Шығыс" және "Жағалау"ТК проблемалық нысандарының үлескерлерінің жиналысы өтті. Кездесу барысында әкімнің орынбасары барлық қатысушыларды осы тұрғын үй кешендерінің құрылысы мәселесі бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 үйдің құрылысы аяқталғанын, үлескерлер саны 2,5 мың адамға қысқарды. Әр кешеннің құрылысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.