Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.