Илон Маск Х әлеуметтік желісін сатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір қызығы, әлеуметтік желіні өзінің компаниясы xAI сатып алған.
DW таратқан мәліметке сәйкес, Масктың жасанды интеллект саласында жаңалықтар әзірлеумен айналысатын хАІ компаниясын 33 млрд долларға өзіне тиесілі әлеуметтік желі алған.
Масктың айтуынша, "xAI желісінің құны 80 млрд долларды құраған". Кәсіпкер xAI мен X желілерінің болашағы өзара байланысты деп есептейді.
Осы орайда, компания өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.
Мәміленің қалай жасалғандығы, соның ішінде инвесторға өтемақы қалай төленетіні белгісіз.
Белгілі болғандай, Маск инвесторлардың пікіріне қызығушылық танытпаған. Бизнесмен тек компаниялар тығыз әріптестік байланыста болғандығын және бірлестік хАІ әзірлейтін Grok жасанды интеллектін біріктіруге себеп болады деп отыр.
Маск Twitter-ді 2022 жылы 44 млрд долларға сатып алған.