Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қызық болады": Трамп Путинмен түскен суретін көрсетіп, мақтанды

23 Тамыз 2025, 17:19
1066
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы екі апта ішінде Украинадағы соғысқа байланысты "маңызды шешім" қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол Ақ үйдегі журналистерге айтты.

Трамптың сөзінше, шешім Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі мен олардың әрекеттеріне байланысты болады.

Жақын екі аптада бәрі қалай өрбитінін көреміз. Менің ойымша, мен өте қуанышты боламын, – деді ол.

Сондай-ақ Трамп Путин жіберген ескі суретті көрсетіп, оны "жақсы ишара" деп атады.

Бұл жақсы фото. Путин жақсы шыққан, ал мен жай ғана қалыпты көрінемін, – деп әзілдеді АҚШ президенті.

Ол алдағы апталарда "көптеген оқиғалар болатынын" айтып, егер Украинадағы жағдай бейбіт жолмен шешілсе, Путинді 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына шақыруы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Өзгелердің жаңалығы