Қызылжар қаласындағы қонақ үйлерде бос орын жоқ

26 Қыркүйек 2022, 18:44
1098
Бөлісу:
Қызылжар қаласындағы қонақ үйлерде бос орын жоқ
PHOTO
Фото: автордан

Қызылжар қаласындағы қаласындағы қонақ үйлер мен жалдамалы пәтерлерде бос орын жоқ. Шаһардағы мотель, туристік демалыс орталықтары, пансионаттар мен басқа да нысандар 100 пайызға толық, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Оған өңірге Ресей азаматтарының ағылуы себеп. Облыстық әкімдіктің мәліметінше қонақ үйлер мен жалдамалы пәтерлерде тұрып жатқан тұтынушылардың 50 пайзы көршілес мемлекеттен келген азаматтар.

Петропавлдағы теміржол және автовокзалда адам қарасы қалың. Ресейден келіп жатқан азаматтардың көпшілігі тілшілермен тілдесуге құлықсыз. Қазақстанға бас сауғалап келгендердің бірі Иван Васюков. Мамандығы – адвокат. Айтуынша Ресейдегі табысы, соған сәйкес тұрмысы да жаман емес. Соғысқа барғысы келмегендіктен көп ойланбай өзге елге кетуді жөн санапты. 

Қызылжар қаласындағы қонақ үйлерде бос орын жоқ

Екатеринбургтен Қорғанға автобуспен жеттім. Қорғаннан Петропавлға пойызбен. Әлеуметтік желілерде жазып жатқандай көп адам көрген жоқпын. Билет тапшылығын байқамадым. Өйткені көпшілік жеке көліктерімен кетіп жатыр. Ұшақ билетінің бағасы көтеріліп кетті. Мен автомобильмен шығуға жүрексіндім. Достарым осында бірер апта бұрын келген болатын. Әзірге қашықтықтан жұмыс істеймін. Бір айға келдім. Одан кейін Ресейдегі жағдайды байқаймын. Қазақстан азаматтығын алу жоспарымда жоқ. Дегенмен еліміздегі жағдай түзелемесе, осы жақта қаламын.  Алдын-ала ештеңе айта алмаймын. Қазақстан – ең қонақжай мемлекеттердің бірі. Сондықтан осында келдім. Бірер күн бұрын пәтер жалдап қойдым. Ақшасын бірден аудардым. Пәтер жалдау бағасы өсіп келе жатқаны байқалады. Өйткені сұраныс артты. Бұл нарықтық экономика заңы. Грузияға кеткен достарым бар. Пәтер жалдау бағасының 3-4 есе көтеріліп жатқанын айтты. Пәтер иелері бұрыннан тұрып жатқан отбасыларды шығарып жіберіп жатыр. Бұл әрине адамгершілікке жатпайды. Ресейден ақшасы және білімі барлар ғана кете алып  жатыр дер едім. Биліктің ертегісіне сеніп отырғандар да бар. Сондықтан Қазақстан ештеңеден ұтылмайды деп ойлаймын. Бұнда бір ай ғана жүруге рұқсат етіледі екен. Қазіргі жағдайға байланысты талап уақытша болса да өзгертілсе деп ойлаймын, - дейді Иван Васюков. 

Бүгін әлеуметтік желілерде Қазақстан солтүстік өңірдегі Ресеймен шекараны жапқаны жайында ақпарат тарады. Шекара қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды. Қазір өңірге Ресейден қанша адам келгендігі жайында нақты мәлімет жоқ. Уақытша баспана таппағандары авто, теміржол вокзалы сынды қоғамдық орындарды паналап жүр. 

Қызылжар қаласындағы қонақ үйлерде бос орын жоқ

Біз вокзалға бардық. Адам көп. 4 тәуліктен бері сонда түнеп жүргендер бар. Өйткені бос пәтерлер жоқ. Кеше монитроинг жүргіздік. Пәтерлер бір тәулікке 50-60 мың сұрайды. Такси қызметтері де шетелдік азаматтарды көргенде қызмет ақысының бағасын көтеріп жібереді. Біз оларға қолдан келген көмекті көрсеттік. Қиналғандары көрініп тұр. Бүгін арнайы акция ұйымдастырып, шетелдік азаматтарды тамақтандырып, ыстық бауырсақ апармақпыз.  Демеуші – жастар фронт орталығы, - дейді ерікті Анастасия Волкова.

Қызылжар қаласындағы қонақ үйлерде бос орын жоқ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 21 қыркүйектен бері Петропавлдағы денсаулық сақтау ұйымдарынан 30-дан астам ресейлік азамат медициналық шұғыл көмек сұраған. Бәріне бірдей тиісті дәрігерлік жәрдем көрсетілді. 

Өзгелердің жаңалығы