Қызылжар ауданында жылу маусымына дайындық барысы таныстырылды

16 Тамыз 2024, 19:48
536
Бөлісу:
Қызылжар ауданында жылу маусымына дайындық барысы таныстырылды
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге Бескөл ауылында салынып жатқан бес қабатты үйдің және хоккей кортының құрылысымен танысты. Депутат көктемгі су тасқынының салдарына қарамастан құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанына назар аударып, аталған нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Ольга Перепечина жылу қазандығына барып, өңірдің қысқы маусымға дайындық барысымен танысты. Ол өз сөзінде жаңа нысандарды жылу жүйесіне уақтылы қосу және тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету басым міндет екенін тілге тиек етті.

«Еліміздің барлық өңірінде, әсіресе, қысы қатты солтүстік аймақтарда жылу маусымына дайындық негізгі басымдықтардың бірі болуға тиіс. Жаңа нысандарды жылу жүйесіне уақтылы қосу тек техникалық міндет емес, сонымен бірге азаматтарымыздың жайлы өмірі мен қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан тұрғындар қыста жылусыз қалмауы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – деді Ольга Перепечина.

Сондай-ақ Сенат депутаты Новокаменка ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің және Соколов топтық су құбырының құрылыс алаңдарына барды.

 

Өзгелердің жаңалығы