Қызылтас петроглифтерінде жұмыс қызып тұр

27 Қазан 2024, 18:19
490
Бөлісу:
Қызылтас петроглифтерінде жұмыс қызып тұр
Фото: автордан

Жетісу облысының ортпалығында орналасқан тарихи аймақты сақтап қалу жұмыстары жүріп жатыр. Қызылтас-тасбақа шатқалына арнайы белгілер қойылуда, деп хабарлайдыBAQ.KZ тілшісі.

Өңірлік өлкетанушылар мен тарихшылар талай ғасырдың куәсі болған аңызға парапараймақты қалайда сақтап қалу туралы жергілікті билікке өтініш-арызын жеткізген. Содан кейін көп ұзамай таңбалы петроглифтерді құрылысқа пайдаланған кәсіпорынның жұмысын тоқтатып, қала әкімдігі тарихи маңызы бар жер екенін бағдарлаған. Бүгінле аталған жерді қорғау жұмыстары басталып кетті.

Тасбақа тастарда 5 мыңға тарта тарихи петроглифтер бар десек, оның әрқайсысы сонау ескі дәуірдің аңызын бойына жиған. Сондықтан біз оның қадірін біліп, қажетті шаралар қабылдауымыз қажет. Баға жетпес мұрамызды туризмнің бір нысаны ретінде дамытып, сырттан қонақтарды тартсақ болады. Өздеріңізге мәлім, диоритті өндіру жұмыстары бүгінде тоқтады. Маңайына тазалық жұмыстары жүріп, осы қасиетті өлгенің мәнін ашатын белгілер қойылды», дейді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл.

Естеріңізге сала кетейік, табиғаты ерекше тарихы маңызы үлкен петроглифтер жазылған жәдігерлі жартастарды үгітіп, құрылыс материалына қолданған жауапты серіктестік жазаланып, жұмысы тоқтатылған еді. Енді осы аймақты сақтау үшін арнайы жол салыну жоспарда тұр. Оның үстіне жарнамасын жасау жұмыстары да қажет.

Бұл жерлердің жарнамасы әлсіз. Сырттақ келген қонақтар оның қандай маңызы бар екенін білмейді. Мәселен арнайы жолсапар жасап, сырттан келген қонақтарды тарихи орындарға апаруға болады. Яки тарихи жәдігердердің картасын сызу қажет. Біз осы іспен айналысқанда ғана ұрпақты ізгілікке тәрбиелей аламыз», дейді өлкетанушы, журналист Қажет Андас.

Өзгелердің жаңалығы