Қызылшаның өршуіне не себеп болды? – дәрігер жауап берді

10 Қаңтар 2024, 15:37
764
Бөлісу:
Қызылшаның өршуіне не себеп болды? – дәрігер жауап берді
Фото: BAQ.KZ - архив

ОКҚ-да өткен брифингте «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының» басқарма төрағасы Манар Смағұл қызылшаның өршуінің басты себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша,қызылша әлемнің 80 елінде жойылды деп жарияланды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында жою мәртебесі 2000 жылы расталды. Сонымен бірге қызылшаға қарсы вакцинациямен қамтудың төмендеуі, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде, бүкіл әлемде, оның ішінде қызылша жойылған елдерде қызылша ауруының өршуіне себеп болды. Әлемде қызылша бойынша өршу 2022 жылдан бастап 150 елде 155 мыңнан астам жағдай тіркелді, 2023 жылы - әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген, - деді ол.

Манар Смағұл атап өткендей, Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді.

79% 14 жасқа дейінгі балаларға, жасөспірімдерге – 4%, ересектерге – 17% тиесілі. Биылғы 1 қаңтардан бастап қызылшаның 1993 жағдайы тіркелді, - деп атап өтті ол брифингте.

Өзгелердің жаңалығы