Қызылшадан екі сәби көз жұмды: ДСМ оқиғаның мән-жайын айтты

Дәрігерлер елімізде екі сәбидің қызылша ауруынан қалай көз жұмғанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Артём Чурсинов  - архив 10 Қаңтар 2024 2024, 16:47
10 Қаңтар 2024 2024, 16:47
1068
Фото: - архив

Дәрігерлер елімізде екі сәбидің қызылша ауруынан қалай көз жұмғанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 2023 жылы желтоқсанда тіркелген.

Бірінші жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Онда 6 айлық сәби қайтыс болды. Ата-анасы баланы ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Кейін сәбиді ауруханаға жатқызғанда оның ауруы асқынып, жағдайы нашарлаған. Өкінішке қарай бала қайтыс болды, - деді Әйгерім Оспанова.

Оның сөзінше, қазіргі күні сараптама жүргізілген. Клиникалық және патологиялық зерттеудің қорытындысы өлімнің қызылшадан болғанын көрсетіп отыр.

Екінші жағдайда сәби 4 айлық болған. Ол ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Сараптама тағайындалып, диагноз расталды. ШҚО-дағы сәбидің анасы да екпе алмаған. Ол баласын емізген. Екінші сәби емізікпен тамақтандырылған, - деді дәрігер.

Наверх