Қызылша ауруы: Мектептерде карантин енгізіле ме?

7 Сәуір 2023, 15:46
2551
Бөлісу:
Қызылша ауруы: Мектептерде карантин енгізіле ме?
Фото: 7-su.kz

Елімізде балалар арасында қызылша ауруы өршіді, деп BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекциялық аурулардың шетелден келгенін айтты. Айтуынша, мұның алдын алу үшін қазіргі таңда қызылшаға қарсы вакциналау жүріп жатыр.

Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан еліміздегі балалар жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған, - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар Ажар Ғиният мектептерде карантин талаптарын енгізу қарастырылмағанын айтты.

Қызылша ауруына қатысты қатаң шектеу енгізудің реті жоқ, – деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы