Қазалы қаласында тұратын үшем Дариға, Әлия, Динара Шәкір саяси науқанда өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Үшем Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бір-бірінен ешқашан ажырамаған бауырлар өз таңдауын жасауға бірауыздан атсалысты.
Әрбір саяси науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде келіп дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз еліміздің болашағы үшін маңызды, – дейді үшем.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Арман Мұсаев үшемдерге арнайы сый-сияпат тапсырды.