Cу тасқынының салдарымен күрес 1 сәуірге қараған түні де жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, сағат 04:00-ге қарай Атырау облысына Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары аттанды.
Олар өңірдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Осы түні сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су басу қаупінің алдын алу мақсатында, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.