Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордалық келіншек дүниеге үшем әкелді

13 Қазан 2025, 20:31
366
Бөлісу:
 Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

Көпбейінді облыстық ауруханада Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшемдер дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аурухананың баспасөз қызметінің ақпаратынша, қала тұрғыны Асель Сабырбаева 23 жасында алғашқы сәбилері үшемдерді дүниеге әкелді. Жас ананы Акушерлік бөлім меңгерушісі Ержанова Арман Иманғалиқызы мен акушер-гинеколог Қосназарова Фатима Алиасқарқызы босандырды.

Нәрестелердің туғандағы салмағы қыз бала 1996,0 гр, ер бала 1938,0, үшінші ер бала 1918,0 гр болды.

Жүктіліктің 35 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің туылған кезде жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөліміне алынып, 2 күн аппаратта жатты. Өкпелерін дамыту үшін дәрі берілді, — деді Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.

Үшемдердің денсаулығын жақсарту үшін мамандар жоғары сапалы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі таңда нәрестелердің жағдайлары тұрақты, ана сүтімен қөректеніп, анасымен бірге палатада жатыр.

Айта кету керек, аурухананың акушерлік бөлімінде жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге келген. Олардың 537-сі Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 5 ұл тәрбиелеп отырған отбасында үшем дүниеге келгенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы