Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордадағы жантүршігерлік оқиға: Көрші баланың көз алдында әжесі мен анасын өлтірді

Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Қызылордада көршісінің қолынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы қаза тапты. Қанды оқиға кезінде жасөспірім бала аман қалып, WhatsApp арқылы көмек сұраған. Күдікті қылмыс орнында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қанды шабуыл кезінде марқұм әйелдің ұлы тірі қалған. Жасөспірім жағдайдың аса қауіпті екенін түсініп, WhatsApp мессенджері арқылы досына хабарлама жіберген. Ол хатта әжесінің өлтірілгенін, ал анасына дәл сол сәтте шабуыл жасалып жатқанын жазып, сөзіне сендіру үшін бет-әлпеті қанға боялған фотосын жолдаған.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің ұсталу сәтінен түсірілген видео да тарады. Бейнежазбада жасөспірім полицейлер келген кезде бөлмеден шығып, ішінде қаза тапқандар жатқанын айтып, болған жағдайды түсіндіргені көрінеді.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Еске салсақ, Қызылордада 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмды. Екі адамды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы