Іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында қызылордалық жедел уәкілдер ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22 шілдеде ОМО-дан Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскендігі туралы хабарлама түскен. Аталған дерек СДТБТ-не ҚК 24 бабы, 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді, - деді полицияда.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы «Ален» түнгі клубында жастар арасындағы төбелес болғанын анықтады. Оқиға орнында жәбірленуші пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Қызылорда облысы ПД КПБ-ң қызметкерлері Қызылорда қаласы ПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген 24 жастағы жергілікті тұрғынды Нұр-сұлтан қаласындағы тұрғын үйдің біріндегі жалдамалы пәтерде ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, - деді полицияда.