Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордадағы 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА лицензиясын әлі ала алмай отыр

Бүгiн, 13:00
210
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қызылорда қаласында 2025 жылдың 4 қазанында салтанатты түрде ашылған жаңа "Қайсар Арена" стадионы бүгінге дейін УЕФА-ның халықаралық санатын ала алмай отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа көпфункционалды спорт кешені 11 мың көрерменге арналған, алайда қазіргі таңда стадионның УЕФА талаптарына сай халықаралық категориясы жоқ. Осыған байланысты арена ресми халықаралық матчтарды қабылдай алмайды.

Құны әртүрлі көрсетілген

Жазбада келтірілген мәліметке сүйенсек, министрлік стадион құрылысына 20,9 млрд теңге жұмсалғанын хабарлаған. Ал бұған дейін, тамыз айында Қызылорда облысының әкімдігі бұл нысанның құны 26,5 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеген еді. Оны желтоқсанда өткен есе берк кездесуінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та айтқан еді.

Айта кетейік, "Қайсар Арена" өткен жылы  "Ордабасы" мен "Тобыл" командалары арасындағы Қазақстан Кубогінің финалы кезінде ашылған болатын.

УЕФА инспекциясы сәуірде өтеді

Министрліктің мәліметінше, УЕФА өкілдерінің «Қайсар Аренаға» инспекция жүргізуі сәуір айына жоспарланғаны көрсетілген. Инспекция қорытындысы бойынша стадионға кемінде III халықаралық санат беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар ведомство УЕФА категориясы тек стадионның техникалық деңгейіне ғана емес, ол орналасқан қаланың инфрақұрылымына да байланысты екенін атап өткен.

Қызылорда облысы, спорт басқармасының мәліметінше халықаралық матчтарды қабылдау үшін қалада бірқатар міндетті шарттар болуы қажет. Атап айтқанда: тұрақты халықаралық рейстері бар әуежайдың болуы, командалар мен ресми тұлғаларға арналған бірнеше бес жұлдызды қонақүйдің болуы,заманауи оқу-жаттығу базалары мен алаңдардың болуы.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз кездесуінде қалада бес жұлдызды қонақ үйдің бой көтеріп жатқанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, «Қайсар Арена» – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері салынған үшінші стадион. Бұған дейін елде «Астана Арена» мен «Түркістан Арена» пайдалануға берілген еді.

Өзгелердің жаңалығы