Қызылорда облысы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 маусым Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соқтығысты.
Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.