Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына облыстық балалар ауруханасынан жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен жасөспірім түскені жөнінде деген хабарлама келді. Тексеру барысында Байсейітова көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен көлік иесі оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.
Бұл бойынша жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Сол арқылы күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген қала тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжат сотқа жіберіледі, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.