Қызылордада жасөспірімдер жігітті жабылып соққыға жықты

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 Видеодан кадр 20 Ақпан 2026, 11:29
20 Ақпан 2026, 11:29
843
Фото: Видеодан кадр

Қызылордада тағы бір жағымсыз жағдай тіркелді. Бірнеше жасөспірім бір азаматқа күш көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілген.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандар болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға кіріскен. Тергеу нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданады.

Бұл оқиға қоғамда жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселесін тағы бір рет көтеріп отыр. Көпшілік мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-ана мен мектеп тарапынан бақылауды күшейту қажет екенін айтады.

Бұған дейін Шымкентте жолдағы даулы жағдай жаппай төбелеске ұласқан еді.

Наверх