Қызылордада 45 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 10 920 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 10 737-сі ТМД елдерінен, ал 183-і алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуымен 1 717 шетелдік анықталып, жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 45 шетелдік шығарылды, - деп хабарлады полиция департаментінен.
Сонымен қатар, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 75 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды.