Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордада құтқарушылар жарылыстың алдын алды

24 Қазан 2024, 03:20
578
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылордада өрт сөндірушілер өрттен 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Шиелі ауылында орналасқан ангарда құрылыс материалдары өртенген.

Жарылысты болдырмау мақсатында өрт сөндірушілер өрттен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Өрт 290 шаршы метр алаңда сөндірілді, - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы