Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Polisia.kz
Погондағы қызметкерлер облыстағы “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, балаларды қуантты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге тәттілер таратты.
Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. –
Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, – деп тілек білдірді мекеме бастығының орынбасары А. Мамбетов.
Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын ҚАЖ қызметкерлеріне “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.