Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордада пробация есебіндегі екі азаматша мәжбүрлі емге жіберілді

29 Тамыз 2025, 18:14
714
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған екі азаматша маскүнемдіктен мәжбүрлеп ем алу үшін арнайы орталыққа жатқызылды. Бұл шара олардың туған-туыстарының өтініші негізінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері пробация есебіндегі 7 адам осындай орталыққа жіберілген. Олардың барлығы пробация қызметінің бақылауында болып, қоғамға қайта бейімделу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда аталған азаматшалар емдеу курсынан өтіп жатыр. Сонымен қатар, орталықта ай сайын тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізіліп, ішімдікке тәуелділіктен арылу және қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Пробация есебінде тұрған азаматшалардың бірі өз ойын былай жеткізді.

Жасаған қылмысымды толық мойындаймын. Қателікке жол беріп, қылмыс жасадым. Бұған өкінемін және енді қайталамауға шешім қабылдадым. Емді толық қабылдап, ішімдіктен біржола бас тартуды мақсат етіп отырмын, – деді ол.

ҚАЖ қызметінің басты мақсаты – азаматтарды қателіктерін түзетуге, қоғамға қайта бейімдеуге және жаңа қылмыстардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жалғастыру.

Өзгелердің жаңалығы