Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірге 5 қаңтарда адамдар тобы болып жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорданың үш тұрғынын ұстады. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді, – делінген хабарламада.