Қызылорда қаласында төтенше жағдай орын алып, ТЖМ құтқарушылары пәтер ішінде құлыпталып қалған балаларды аман-есен шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Қызылорда қаласындағы "Сол жағалау" шағын ауданында болған. Жедел қызметтің 112 пультіне көпқабатты үйдің бір пәтерінің есігі құлыпталып қалып, ішінде 4 және 5 жасар екі бала қалғаны туралы хабарлама түскен. Балалар есікті өздігінен аша алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары слесарлық құралдың көмегімен пәтер есігін ашып, балаларға көмек көрсетті. Абырой болғанда, бүлдіршіндердің жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ата-аналары құтқарушыларға жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.