Қызылордада облыстық ТЖД автопаркіне 14 өрт сөндіру көлігі берілді

Қызылорда облысының ТЖД автопаркі 14 өрт сөндіру көлігімен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 16 Наурыз 2024 2024, 01:17
16 Наурыз 2024 2024, 01:17
811
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылорда облысының ТЖД автопаркі 14 өрт сөндіру көлігімен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Облыстық бюджет есебінен сатып алынған жаңа техниканы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыс етті.

Жаңа өрт сөндіру көліктері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, 60 метр қашықтықта су беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап береді. 

Сонымен қатар арнайы көліктер - "AL" - автосаты мен "ASO" - байланыс автомобилі сатып алынды.

Жаңа құтқару техникасы ТЖ жедел ден қоюға, өртті сәтті сөндіруге және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Наверх