Қызылорда облысында полицейлер мұздан құлап кеткен 14-15 жастағы қыз бен ұлды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Сырдария өзенінің аумағын патрульдеу кезінде суға батып жатқан балаларды байқаған.
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді арқан арқылы құтқаруға бірден кіріседі. Оларды мұздай судан шығарған полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырған, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп мұзға шыққан, бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, бала суға құлап кеткен. Қыз оған көмектесуге тырысқанымен, ол да суға түсіп кеткені белгілі болды.
Ата-аналар өз кезегінде балаларын құтқарған тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.