Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті әлеуметтік жағынан маңызы бар тауарлар бағасына бақылау жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ретте облыс аумағында өндірілетін азық-түлік өнімдерінің бастапқы бағасына, баға қойылуына анализ жасалды.
Департаменттің аналитикалық тобы күріш өндіретін ірі 9 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағасын көтеруіне байланысты күріш өндіретін алты компанияға қатысты тексеріс жүргізеді, - делінген хабарламада.
Қалған кәсіпорындар күріш бағасын 420 теңгеден 350 теңгеге дейін төмендетуге келісімін берді. Олардың өнімдері облыстың Тұрақтандыру қорының бақылауымен өңірдің әлеуметтік дүкендерінде сатылатын болады.