Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды

18 Мамыр 2024, 09:35
492
Бөлісу:
Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысында жарияланған Руханият жылы аясында халықаралық «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты суретшілер симпозиумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты шарада Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов келушілерге алғыс білдіріп, суретшілерге сәттілік тіледі.

Симпозиумда Халық суретшісі Ә.Қастеев бастаған қылқалам шеберлерінің картиналары жас ұрпаққа насихатталып, мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау, бейнелеу өнерінің қазіргі бағыты мен дамуы туралы айтылады.

Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар, республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті суретшілер қатысып жатыр.

Қылқалам шеберлері облыс тарихымен танысып, көрнекті жерлерін аралады. Қаланың ескі келбетіне көз салды.

Осы арқылы суретшілер қазіргі қаладағы өзгерістерді композицияға бейнелейді.

21 мамыр Өнер орталығында ұйымдастырылатын көрмемен симпозиум жұмысы мәресіне жетеді

Өзгелердің жаңалығы