Қызылордада полицейлер есірткі притонын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ мәліметінше, ол облыс орталығында тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Үйді тінту кезінде қапқа салынған кептірілген шөп тәріздес зат, тостағанда құйылған сұйық белгісіз зат, газ плитасы, шприцтер және басқа да айғақты зат тәркіленді.
Сараптама нәтижесімен тәркіленген зат 2 келіге жуық кептірілген марихуана және 25,5 миллилитр апиын (опиум) психотроптық заты болып анықталды, - делінген мәліметте.
Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.