Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке қарай, азаматтың қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - делінген хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.